22.04.2022 «ҮЗДІК МАМАН» VII Облыстық конкурс – шаштараз өнері бойынша өтті. Ұйымдастырушылар «ИМИДЖ» шаштараз студиясы болды.
Өтетін орны: Қарағанды қаласындағы Оқушылар сарайы.
Байқаудың мақсаты – шаштараз өнері мамандығын оқытатын: курстар, студиялар, колледждер арасында біліктілік деңгейін арттыруға жағдай жасау.
Тапсырмалар:
1. Шаштараз және инновацияны дамытуды ынталандыру және ықпал ету;
2. Оқушылардың шаштараз мамандығын таңдауға деген ынтасын арттыру;
3. Оқушылардың шығармашылық өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.
Біздің студенттер белсенді қатысып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
1) 1 орын – Смирнова Паулина, «Ұзын шашқа арналған кешкі шаш үлгісі»;
2) 2 орын – Адкина Юлия, «Ұзын шашқа арналған кешкі шаш үлгісі»;
3) 1 орын – Смирнова Паулина, «MEN’S FASHION».
Студенттердің тәлімгерлері өндірістік оқыту шеберлері Пикалова Е.В. және Юсупбеков А.Н. Тәлімгерлер шараны ұйымдастырушылардың алғыс хаттарымен марапатталды.
@umckrg @obb_qaragandy
#кктис #kktis #uo_krg #колледжтехнологииисервиса