Menu Close

20.04.2023 жылы Қарағанды технология және сервис колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы шеңберінде өткізілетін жеңіл өнеркәсіп бойынша жұмыс берушілер форумы өтті.

20.04.2023 жылы Қарағанды технология және сервис колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы шеңберінде өткізілетін жеңіл өнеркәсіп бойынша жұмыс берушілер форумы өтті.

IMG_2622
IMG_2688
IMG_2694
IMG_2725
IMG-20230421-WA0020
IMG-20230421-WA0021
IMG-20230421-WA0022
IMG-20230421-WA0024
IMG-20230421-WA0027
IMG-20230421-WA0028

Форум жұмысына Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Г.Ш. Қожахметова, Қарағанды облысы ӨКП директоры Е.Д. Кульпейсов,  Қарағанды облысының ӨКП жанындағы жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы А. Г. Шмарин, дуальді оқытуға, мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын, колледждермен ынтымақтастықты жоспарлайтын, Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері, облыстың жетекші жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, өңірдің шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ бейінді оқу орындарының оқытушылары мен түлектері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар «Жас Маман» жобасы аясында сатып алынған колледждің жаңа тігін жабдықтарымен, құзыреттілік орталығы бойынша экскурсия өткізілді, бос орындар жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, диалог алаңдары ұйымдастырылды. Бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша колледждер мен жұмыс берушілердің тиімді ынтымақтастығының одан әрі нысандары әзірленді.

Posted in Без рубрики