2022 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды және технология сервис колледжінде Ғылым күні мерекесі аясында «Қазақтың қайратты Қанышы» тақырыбында зерттеуші жас- ғалым мамандармен кездесуі өтті.
Ұйымдастырушылар: Академик Е.А.Бөкетов ат.ҚарУ-дың 2 курс докторанты, филология ғылымдарынын магистрі Оразова Бакыт Оразовна, колледж әдіскері Галия Қайноллақызы Оразбаева, колледж кітапханашысы Кульгайын Шамелевна Досымханова.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі-ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқаратын ғалымдармен таныстыру, Қазақ халқының мақтанышы ұлы тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан еліне қалыптасуына, дамуына орасан зор үлесін қосқанымен таныстыру, студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру.
Қонақ ретінде – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Майя Сураганқызы шақырылды. Студенттер көптеген сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.
@umckrg @obb_qaragandy
#кктис #kktis #uo_krg #колледжтехнологииисервиса