Menu Close

Жас Маман

Жас Маман 1
Жас Маман 2
Жас Маман 3
Жас Маман 4
Жас Маман 5
Жас Маман 6
Жас Маман 7
Жас Маман 8
Жас Маман 9
previous arrow
next arrow

Жоба туралы

Қарағанды технология және сервис колледжі 2021 жылы «Тігін өндірісі мен киімдерді модельдеу», «Тігінші» біліктілігі бойынша заманауи жабдықтарды сатып алу бойынша «Жас маман» жобасына қатысуға мақұлданды. «Жас маман» жобасы аясында білім беру процесін жаңғырту үшін шетелдік серіктестерді тарту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін даярлау, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламаларын жасауға көмек көрсету жоспарлануда. «Жас маман» жобасын іске асыру ережелеріне сәйкес колледжде жабдықтарды орнатуға арналған үй-жайларды дайындау, қажетті коммуникациялық және инфрақұрылымды қамтамасыз етумен жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдармен заманауи жабдықтардың тізімі жасалып, келісілді, олар бойынша оқыту студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына және өндірістегі еңбек жағдайларына сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді. Оқу-материалдық базаны жаңғырту бiлiктi және жоғары кәсiби қызметкерлердi даярлау үшiн жағдай жасайды, сондай-ақ Worldskills форматында кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жүргiзедi. «Жас маман» жобасын іске асыру нәтижесінде колледж республикалық және халықаралық деңгейлерде сұранысқа ие мамандарды даярлауға қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған, мәлімделген мамандық бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталығы болып табылады, сондай-ақ WorldSkills чемпионатына қатысушыларды даярлайтын болады.