Menu Close

2022 жылдың 13 мамырында Қарағанды ​​технология және сервис колледжінің базасында Қарағанды ​​облысының «Оқыту және жұмыспен қамту жүйелерінің өзара әрекеттесуі: тараптар диалогы» аймақтық жұмыс берушілердің форумы өтті.

2022 жылдың 13 мамырында Қарағанды ​​технология және сервис колледжінің базасында Қарағанды ​​облысының «Оқыту және жұмыспен қамту жүйелерінің өзара әрекеттесуі: тараптар диалогы» аймақтық жұмыс берушілердің форумы өтті.

IMG_6558
IMG_6547
IMG_6546
IMG_6527
IMG_6515
IMG_6502
IMG_6585
IMG_6379
IMG_6391
IMG_6625
IMG_6628
IMG_6532
IMG_6500
IMG_6612
previous arrow
next arrow

Форумға: Қарағанды ​​қаласындағы мектептердің түлектері, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Талап» КЕАҚ өкілдері және колледжінің әлеуметтік серіктестері қатысты.

Өтетін орны: «Fashion dressmaker» біліктілік орталығы. Қатысушылардың жалпы саны – 200 адам.

Форум барысында келесі іс-шаралар өтті:

– WorldSkills-Karaganda – 2022 аймақтық чемпионаты құзыреті бойынша: «Сән технологиясы»;

– Қарағанды ​​қаласындағы мектеп түлектеріне «Сәнді тігінші» біліктілік орталығына экскурсия, «Жас Маман» жобасы бойынша тігін жабдықтарын көрсету;

– «Тігін шебері» тігін мектебін және «ZhannaViktorya» ательесін ашқан колледж түлектерінің мастер – классы;

– Аяқ киім жасау бойынша мастер-класс;

– Дөңгелек үстел – «Дуалды оқытуды ұйымдастыру: проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы тренинг өткізілді.

Баяндама тыңдалды –

Әбілқасымова Н.Қ. – п.ғ.к., «BOLASHAQ» академиясының доценті,

Шыраймонова Г.С. – п.ғ.к., ҚАРУ Бөкетова атындағы университеті,

Копяк Г.П. – «Картел» ЖШС бас директоры, Қарағанды ​​қ.

Шмелков О. – «SEWTECH» ЖШС директоры, JUKI тігін жабдықтарының ресми дистрибьюторы,

Әбілдина Ш.Ш. – «Ютария ltd» ПИК ЖШС директорының орынбасары,

Муртазина Г.Д. – «Bizdin forma» ЖШС директоры.

– «Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында тренинг;

– «Киімді компьютерлік дизайн (CAD) Grafis 12» тақырыбы бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Форум аясында инновациялар мен цифрландыруға негізделген экономика секторлары үшін кәсіби мамандарды заманауи оқыту жүйесін дамытудың басым бағыттары, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мәселелері айтылды.

Posted in Без рубрики