Menu Close

Дуальды оқыту

Дуалды оқыту-жұмыс орнына табысты жол

Дуалды оқыту жүйесі кадрларды даярлаудың неғұрлым кең таралған және тиімді нысаны ретінде Қарағанды технология және сервис колледжінің оқу процесін ұйымдастыруға енгізіле бастады. Колледжде дуальды оқыту жүйесін енгізу оқу процесінде студенттердің теориялық дайындығы мен кәсіби дағдыларды игеруін біріктіруге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың осы жүйесін енгізу теориялық материалды неғұрлым сапалы игеруге ықпал етеді; практика барысында кәсіби білім мен тәжірибе жинақталады, кеңейтіледі және тереңдетіледі.

Дуальды оқыту жүйесі әлеуметтік әріптестікті және колледж бен жұмыс берушінің өзара іс-қимыл тетіктерін дамытуға ықпал етеді.

2017 жылдан бастап 2017 жылдан бастап “Қарағанды технология және сервис колледжі” КММ “Ютария LTD” ЖШС-мен, “Қолғанат-Қарағанды” ЖШС-мен, “Koktem” ЖШС-мен, “МОТОРГСЕРВИС” ЖШС-мен, “Дедал” ЖШС-мен, “Картель” ЖШС-мен, “Сандыбаева” ЖК-мен, “Г.Арыстан” ЖК-мен, “Лу Нали” ЖК-мен, “Galex Pluss” Саран тігін трикотаж фабрикасы ЖШС-мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және дуальді оқыту шеңберінде мамандарды даярлау бағытында  әлеуметтік әріптестікті табысты дамытуда.

Кадрларды даярлау бойынша өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандумдарға және дуалды оқыту туралы шартқа сәйкес Қарағанды технологиялар және сервис колледжі “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығы бойынша компанияның өтінімдері бойынша “тігінші” біліктілігі бойынша студенттерді кәсіптік оқытуды жүзеге асырады.

Практикалық оқу кезеңінде 3-курста оқушылар кәсіби бағыттар бойынша оқудан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырып, оларға  разрядтар береді, одан кейін студенттер компанияға жұмысқа қабылданады.

2c41716a-fe33-4898-9a55-7e3b8a4e5e60
206a674d-f856-4474-a610-519718b31ae1
928103f4-e3a3-43a3-8df3-19e0950b002f
ac207a43-2ace-4959-b874-16f03dd52fb3
Дуальное обучение
previous arrow
next arrow