Меню Закрыть

Мысли из поездки в Финляндию

Финляндияға сапардан ой түйін…
Аллаға шүкір, біздің Қарағанды технология және сервис колледжінің “тігін өндірісі және киімді үлгілеу” – мамандығының ұстаз-шеберлері – осы салада әлемдік стандарттардың үрдісінен шыға білді.
Оған негіз жуырда Финляндияның Хельсинки қаласында WorldSkils-тан(әлемдік дағдылар-жұмысшы мамандықтарының жарысы)өткен әлем чемпионаты болып отыр. Осы әлемдік додада сән технологиясы бойынша колледжіміздің студенті Виктория Вечканова үздік жиырмалыққа еніп, 13(он үш)-інші орынға жайғасты. Шынын айту керек, жоғары дайындығымызға, студентіміздің кәсібилігіне сеніп, кемінде жүлделі орынға ие болуымыз керек деген берік сеніммен барып едік, ақталмады, оған себептер бар…
Бұл туралы кеше облыстық оқу басқармасының бастығы Гүлсім Шабданқызы Қожақметоваға іссапар туралы есеп беру кездесуімде ашық айттым…
Осындай тігін өндірісінен әлемдік талаптарды меңгерген студентті дайындаған – колледжіміздің білікті ұстазы, 2019-шы жылдың қорытындысы бойынша, облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлының шешімімен, ең үздік өндірістік оқыту шебері номинациясының иегері болған – Жумина Гүлнәр Қабылдақызы екенін тәуелсіз еліміздің көзі қарақты жұрты жақсы біледі.
Өз ісінің кәсіби шебері Гүлнәр ұстаздың студенттері бұған дейін де еліміздің чемпиондығын екі рет жеңіп алған еді; -2019-2020жылы Жанайым Мақсұт(Ресейдің Қазан қаласында өткен әлем чемпионатына қатысты),
-2020-2021жылы Шамшырақ Сәдуақас(2-ші орын, бірақ жолдама біздің студентке беріліп, әлем чемпионаты Қытайдың Шанхай қаласында өтпекші болған, пандемия кеселі…).
Бүгінде мамандар арасында колледжімізде консилиум өткізіп, жарыстар барысында жіберілген кемшіліктерден қорытынды шығару жолын таразылаудамыз… Келешекте әлемдік биік межелерді бағындыру үшін дайындап жатқан студенттеріміз де баршылық.
Тек қана Жаратқаннан ақ жол тілейміз!
Опубликовано в Uncategorized