2022 жылдың 31 мамырында Қарағанды қаласындағы Достық үйінде «WorldSkills Karaganda-2022» облыстық чемпионатының жабылу салтанаты түрде өтті.
Салтанатты іс-шараға облыстық чемпионаттың тәуелсіз сарапшылары мен колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысты.
Байқау 52 құзырет бойынша 17 конкурстық нысан бойынша өткізілді. Облыс біріншілігіне 16 мен 22 жас аралығындағы 310 ұл-қыз қатысты. 138 жеңімпаз анықталды. «WorldSkills Karaganda-2022» облыстық чемпионатының қорытындысы бойынша «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ жүлделі орындарға ие болды:
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 1 орын – Малика Лочь Закировна, М9-20 тобының студенті, өндірістік оқыту жетекшісі Нугазадай Айзада;
«Электроника» құзыреттілігі бойынша 2 орын – Рустам Исхаков Раилевич, Т9-20-2 тобының студенті, жетекшісі – өндірістік оқыту шебері Маханов Ғалымжан Кажданбекұлы;
«Электроника» құзыреттілігі бойынша 3 орын – Жорабеков Бекасыл Бауыржанұлы Т9-20-2 тобының студенті, жетекшісі – арнайы пән оқытушысы Жақсылық Жайна Еділқызы;
«Шаштараз» құзыреттілігі бойынша 3 орын – Смирнова Паулина Олеговна, П9-19 тобының студенті, жетекшісі – өндірістік оқыту шебері Пикалова Елена Викторовна.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен кәсіби біліктілк маман болуға тілейміз!!!
@umckrg @obb_qaragandy
#кктис #kktis #uo_krg #колледжтехнологииисервиса
#парикмахерскоеискусство
#швейноепроизводство
#цифроваятехника
#обувноедело