2022 жылдың 13 мамырында Қарағанды технология және сервис колледжінің базасында Қарағанды облысының «Оқыту және жұмыспен қамту жүйелерінің өзара әрекеттесуі: тараптар диалогы» аймақтық жұмыс берушілердің форумы өтті.
Форумға: Қарағанды қаласындағы мектептердің түлектері, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Талап» КЕАҚ өкілдері және колледжінің әлеуметтік серіктестері қатысты.
Өтетін орны: «Fashion dressmaker» біліктілік орталығы. Қатысушылардың жалпы саны – 200 адам.
Форум барысында келесі іс-шаралар өтті:
– WorldSkills-Karaganda – 2022 аймақтық чемпионаты құзыреті бойынша: «Сән технологиясы»;
– Қарағанды қаласындағы мектеп түлектеріне «Сәнді тігінші» біліктілік орталығына экскурсия, «Жас Маман» жобасы бойынша тігін жабдықтарын көрсету;
– «Тігін шебері» тігін мектебін және «ZhannaViktorya» ательесін ашқан колледж түлектерінің мастер – классы;
– Аяқ киім жасау бойынша мастер-класс;
– Дөңгелек үстел – «Дуалды оқытуды ұйымдастыру: проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы тренинг өткізілді.
Баяндама тыңдалды –
Әбілқасымова Н.Қ. – п.ғ.к., «BOLASHAQ» академиясының доценті,
Шыраймонова Г.С. – п.ғ.к., ҚАРУ Бөкетова атындағы университеті,
Копяк Г.П. – «Картел» ЖШС бас директоры, Қарағанды қ.
Шмелков О. – «SEWTECH» ЖШС директоры, JUKI тігін жабдықтарының ресми дистрибьюторы,
Әбілдина Ш.Ш. – «Ютария ltd» ПИК ЖШС директорының орынбасары,
Муртазина Г.Д. – «Bizdin forma» ЖШС директоры.
– «Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында тренинг;
– «Киімді компьютерлік дизайн (CAD) Grafis 12» тақырыбы бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Форум аясында инновациялар мен цифрландыруға негізделген экономика секторлары үшін кәсіби мамандарды заманауи оқыту жүйесін дамытудың басым бағыттары, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мәселелері айтылды.