«ХХІ ғасыр – білімді ұрпақ ғасыры!»

26 ақпан 2021жылы Қарағанды технология және сервис колледжінде «ХХІ ғасыр – білімді ұрпақ ғасыры!» Функционалдық сауаттылықты дамыту апталығында «Ақын –жазушылардың мерейтойы – 2021жыл» тақырыбында «Эрудит — Лото» ойыны ұйымдастырылды. Сайысқа 1 курс Ш9-20-1, Ш9-19-1 тобының студенттері қатысты.
Ойынның мақсаты:
▪ Студенттердің қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру, сынау.
▪ Ақын жазушылардың шығармашылығын қызығушылығын ояту.
Тілдерін дамыту;
▪ Студенттерді қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.
Бүкіл әлем Абайы, — деп ақын жырлағандай, бүкіл қазақ халқының ақыны болған Абай Құнанбайұлының туғанына 175-жыл, Жамбыл Жабаевтың биыл туғанына 175-жыл толып отыр. Ақын –жазушылардың мерейтойларына байланысты ұйымдастырылды.
«Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған», — деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай күні бүгінге дейін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері. Осы асыл сөздерін оқып, одан өнеге алу – әрқайсысымыздың парызымыз. Сондықтан да, біз бүгінгі «Эрудит – Лото» ойынымызды Абай атамыздың шығармашылығы туралы, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті салаларынан алған білімдерін ортаға салды.
«Абай – дана, Абай –дара қазақта» тақырыбында шығармашылық сайыс өтті. «Жамбыл Жабаев бабамыздың асыл мұрасын кім көп біледі?» бөлімі бойынша сұрақтар қойылды.

«Эрудит – Лото» ойыны мына кезеңдер бойынша өткізілді.

  1. «Тобықты руынан шыққан ақын» 10 20 30
  2. «Асыл сөзді іздесең» 10 20 30
  3. «Ұлылар үндестігі» 10 20 30
  4. «Кемеңгер ойшыл» 10 20 30
    Ақын – жазушылардың шығармашылығынан, қазақ ауыз әдебиеті салаларынан алған берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін ортаға салы.

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай Құнанбаев жастардың білімді, дарынды, талапты блуын аңсады. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», дейді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.
Қорытынды: Ақын-жазушылардың мерейтойлары 2021жыл«Эрудит — лото» ойыны өз мәресіне жетті. Сайысқа қатысқан топтар өз пікірлерін ортаға салып, екі топтар жүлделі орындарға ие болды.
І-орын Хуандах Нұрлыгүл,
ІІ –орын Амантай Әсел,
ІІІ-орынды Арғынбек Нұрай иеленді. Екі топтың қатысушылары Алғыс хатпен марапатталды.

Жауапты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Шакимова Ж.С.

@umckrg