1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

ҚММ Қарағанды технология және сервис колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы» тақырыбында куратырлық класс сағаттары болып өтті. Куратор сағатының мақсаты: Елбасының өмірін жастарға насихаттау арқылы, болашақта елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеу.
Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатында Елбасының өмірінен сыр шертіліп, балалық шағы, жетістіктері, алғашқы еңбек жолы, отбасы жайлы мәліметтер берілді. Студенттер де Елбасы жайлы өздері білетін ақпараттармен бөлісті.
Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз! Елімізде амандық пен бейбітшілік болсын!
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿