Қарағанды технология және сервис колледж кітапханасы 15 қараша — Ұлттық валюта күніне арналған «Теңге-тәуелсіздік нышаны » тақырыбындағы тарихи калейдоскопты оқырман назарына ұсынады.

Ел тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бергі алған асу аз емес. Соның бірі ұлттық валюта –төл теңгеміздің айналымға енгеніне міне 27 жыл болған екен. Еліміздің экономикалық және қарыжылық тәуелсіздігін мойындатқан теңгеміздің тарихына қалай шолу жасамасқа.
Елбасы Жарлығы шығысымен елі­міз­дің барлық БАҚ-ында жаңа валю­таның суреттері басылып, халық ұлттық валю­тамыздың бейнесін таныды. Төл теңге қолына тигенде толқымаған жан кем­де-кем.
Теңге – тәуелсіздігіміздің төл пер­зен­ті. Уақыт талабына сай, оның дизай­ны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетіл­діріліп отырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің күні болып белгіленді.