Білім күні

 

 

2020 жылдың 01 қыркүйегінде «Қарағанды технология және сервис колледжі КММ» студенттері арасында 1 Қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік онлайн іс-шара өткізілді. Мереке барысында колледж әкімшілігі студенттерді және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құтттықтап, биылғы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

Оқу тобының жетекшілері өз топтарында Білем күніне арналған «Ұлы Абай аңсаған- Тәуелсіз Ел» атты бірыңғай сынып сағатын ұйымдастырып өткізді.

Сынып сағатының басты мақсаты – студенттердің назарын тарихи оқиғаларға және ұлттық маңызы бар естелік даталарға – Конституция күніне 25 жыл, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына аудару, туған еліне, оның тарихы мен ұлттық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, отансүйгіштік, азаматтық және ұлттық бірегейлік сезімін қалыптастыру.